Паскаль-программалау тілі

М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп

Тақырыбы:

(факультатив сабақ)

Дюсенова А.Е.

(Жайық негізгі мектебі)

    1. оқу жылы

Түсінік хат

9-сыныптағы «Информатика» пәні бойынша өткізілген факультатив сабақтың тақырыбы «Паскаль-программалау тілі».

Бұл сабақтың негізгі мақсаты-Turbo Pascal жұйесінде жұмыс істеуді игерту, Pascal тіліндегі программа туралы түсініктерді кеңейту, сызықты программаларды құру және орындау дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру, қарапайым есептерді паскаль тіліне аударып, компьютерге программаларды енгізу, редакциялау және орындау бойынша практикумдар жүргізу.

Бала үшін құндылығы: Паскаль тілі бойынша меңгерген теориялық білімдерін есептер шығаруда қолданып үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

-Оқушылар Pascal редакторы терезелерінің құрамы мен арналу міндеттерін, негізгі меню позицияларыны арналу міндеттерін, программа мәтіндерін редакциялау үшін негізгі пернелерді Pascal тілінде стандарт функцияларды кескіндеуді білуі керек;

-Олар Pascal редакторында жұмыс істей алуы, стандарт функцияларды пайдаланып, Pascal-да өрнектерді жаза және оларды компьютерде есептеуді жүргізе алу керек;

Сабақтың тақырыбы: Паскаль — программалау тілі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың паскаль тілі туралы білімдерін тереңдету, болашақта білімдерін жалғастыруға сапалы дайындық жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз беттерімен жұмысқа жасауға баулу, ойларын жинақтай білуге үйретіп, компьютерлік сауаттылығын дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың түрі: факультатив сабақ

Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Паскаль программалау тіліне кіріспе.

ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

1-деңгей. Берілген есепті Паскаль тіліне аудару.

2-деңгей. Паскаль тілінде келтірілген өрнектерге сәйкес формулаларды жазу керек.

3-деңгей. Паскаль программалау тілі бойынша тест жұмысы.

ІY. Сабақты қорытындылау,үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Паскаль программалау тіліне кіріспе.

Компьютерде түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм программа деп аталады. Программа құру процесі программалау деп аталады.

Программалау тілі дегеніміз-эемде шешілетін әртүрлі есептердің программасын компьютерге түсінікті формада жазу тәсілі. Программалау тілдері жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі—Паскаль программалау тілі.Оның алғашқы вариантын 1971 жылы Швейцария ғалымы Никлаус Вирг жарыққа шығарған болатын Автор атақты француз математигі Блез Паскальдің құрметіне жаңа программалау тіліне оның атын берді.

  1. Паскаль тілінің алфавиті.

а/Латын альфавитінің бас және кіші әріптері және астын сызу белгісі

в/Арнай символдар-арифметикалық операция белгілері, қатынас операцияларының белгілері, тыныс белгілер, қосарлы символдар, меншіктеу белгісі, қызметші сөздер.

  1. Деректер типтері.

Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған обьектінің қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды.

Деректердің мынадай типтері бар:

а/ Стандарт жәй тип:

бүтін

нақты

логикалық

процедуралық

символдық

в/ Стандарт емес жәй тип: санақты және шектеулі типтер.

с/ құрылымдық тип: массив, жазу, жиын, файл.

  1. Стандарт функциялар-мәндері компьютердің арнайы программалары арқылы автоматты түрде есептелетін функциялар.

  2. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы:

  1. Программа тақырыбы.

  2. Сипаттау бөлімі.

  3. Операторлар бөлімі.

ІІІ. Паскаль тілінің стандарт функцияларын және алфавитін пайдаланып деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1-деңгей. Берілген есепті Паскаль тіліне аудару.

  1. +

  2. M=2.13y +

2-деңгей. Паскаль тілінде келтірілген өрнектерге сәйкес формулаларды жазу керек.

  1. 3,72+0,015*2,8+120/30

  2. (7,2*7,2*7,2-3,2*3,2) / (2,05*2,05+1,3-9,8*3,2*3,2)

  3. (3*х*х*х+5)/ ((х+2)*(х+2))

  4. Sqr(cos(sqr(x)))

  5. (-b+sqrt (D)) / (2*a)

Сергіту сәті:

1/ «Өзен» атты ойын жарысының шарты.

Бірінші отырған оқушы информатикаға байланысты бір термин айтады, келесі оқушы сол сөз қай әріптен аяқталса, сол әріптен басталатын информатикаға байланысты термин айтады. Осылайша судың ағыны сияқты оқушылардың әр қайсысы термин айтып шығады.

2/ Дәптерге шеңбер сызып, оны 4-ке бөлеміз. 4-бөлікке

4 түрлі кез-келген жан-жануардың,құстың атын жазу керек.

Жауабы: 1. Үйіндегілер ұқсатады.

2. Сыныптастарыңыз ұқсатады.

3. Достарыңыз ұқсатады.

4. Әкімшілігіңіз ұқсатады.

3-деңгей. Паскаль программалау тілі бойынша тест жұмысы.

  1. Паскаль тілінің алғашқы нұсқасын жасаған кім және қай жылы?

а/ Б.Паскаль 1791 жылы

в/ Н.Вирг 1971 жылы

с/ Н.Клаузис 1970 жылы

  1. Программалау тілдері нешеге бөлінеді?

а/ 2 в/ 3 с/ 4

  1. Паскальда бағдарлама қандай қызметші сөзден басталады?

а/ begin

в/var

с/program

  1. Өрнектің мәнін табыңыз:х=3 болған жағдайда sqr(sqr(x))=?

а/ 9 в/81 с/27

  1. Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?

а/div

в/mod

с/abs

  1. Турбо Паскаль бағдарламасында циклдің қанша түрі бар?

а/1 в/2 с/3

  1. Өрнектің мәні неге тең: 19 div 4?

а/3 в/4 с/19

  1. Блок – схемада ромб нені білдіреді?

а/мәліметтерді өңдейді

в/нәтижені шығарады

с/шарт беріледі

  1. Меншіктеу командысының белгісі:

а/ ; в/ : с/ !

  1. Шығару операторы?

а/writeln

в/readln

с/write-read

ІY. Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Интернет жүйесінен Паскаль программалау тіліне берілген есептер үлгілерін алу, оларды шығару.

Интересный материал? Поделиться с другими:
Всё для учителя