Конспект урок по самопознание

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Ө.Сахипов атындағы ЖОББ мектебі

Мерзімі:8.12.2016 ж

Тақырып: «Ойнай білуде өнер» №11 сабақ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: татулық, әділдік,кешірімділік ,әдепті болу

Мұғалім: Имашова Н.

Сынып: 3

Оқушылар саны: 16

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын, ойын ережелерін сақтау туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет жасау арқылы оқушылар бойында татулық, бірлік, ауызбіршілік ,әдепті болу қасиеттерін дамыту. 

Міндеттері:

Білімділік:. Шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылық: Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар (құралдар, мәліметтер)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 5Т (тәртіп, тазалық, тыныштық, талап, татулық) ережесі, оқушыларды, оқу-құралдарын түгендеу.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

«Волшебная композиция» ноутбук

Үй тапсырмасын тексеру.

59 беттегі Г.Әзімбаеваның "Қызғаныштың кесірі" атты мәтінін оқу.

Талдау сұрақтары:

-Назым мен шынар неге ренжісіп қалды?

-Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?

-Апасы Назымға қандай ақыл айтты?

-Сендерде сондай жағдай кездістіме?

Естеріне түсіріп айтып беріңдер.

Дәйексөз.

Бәрінен күшті адам- өзіне-өзі ие болатын адам.

Сенека

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Жақсы адам қандай адам?

2.Өзін-өзі ұстай алатын адами қасиеттері қандай?

3.Мен қандай адаммын?

Ойын кезінде біздің бойымызда болатын қасиеттерді топтастыру:адалдық, достық, ұқыптылық, әдептілік, шыдамдылық және т.б

Дәйексөз жазылған пернетақта

Мұғалім сыйы.

« Қонжық пен көжек» ертегі
Көжек өкпелеп түбіртекте отырған.Көзінде жас.

-Біреу тиісті ме?- деп енесі көжегінен сұрады.

Қонжық менің бадырақ деді.

-Қараптан-қарап бадырақ деді ме?

-Жоқ жасырынбақ ойнағанбыз.

-Ептеп сығалап па едің?

-Жоқ, Көзімнің өзі ғой бұрылып кеткен.

Енесі көжегін көтеріп алды да көтеріп алды.

-Жылама.Табиғат бізге артымыздан баспалап келе жатқан жауымызды көре алатын осындай тамаша көз берген.

— Осы ғана ма? Басқа өкпен жоқ па?

-Бар.Өткен жолы менің салпанқұлақдеп мазақтаған.

-Жайдан-жайма?

-Жоқ.Құлағым өзі ғой, ол бұтаға тығылып жатқанда едірейе қалған.(Жалғасы бар)

Сергіту сәті.

Интернет желісі

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жағдаяттарды талдау:

1-топ:Кім ақылды?

2-топ: Ойнаймын.

Ойын «Мен байқағышпын»
3адам ортада 3 адам сыртында тұрады.Бірінші бір-біріне қарайды.Содан кейін арқаларын береді.Ал сыртында тұрған адам өзінен бір затын өзгертеді. Қайта бір-біріне қарағанда өзгерісті байқауы керек.Содан кейін ішкі топ сыртпен ауысып.Дәл осылай істейді.

Шығармашылық жұмыс.

1-топ:"Ойын" сөзіне ребус құрау

2-топ:"Ойын" сөзіне сөзжұмбақ құрау

Топпен ән айту.

Айгөлек

1.Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Кемеліне шалқытып,

Асып жатқан шағында

Ойын ойнап,ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

К а й ы р м а с ы:

Айгөлек-ау , айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп

2.Асыл сөздің ұстасы –

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір,

Өнер болар ұрпақпыз

.

Ноутбук, әннің музыкасы,сөзі жазылған беттер

Үйге тапсырма. 63-64 беттегі №14 сабақтағы Т.Дәуренбеков « Кімнің жұмысы? » мәтінін оқып келу.

Сабақтың қорытынды сәті.

Сабақтан алған әсерім.Релаксация

Ұнады-орташа-ұнамады.

Смайликтермен көрсету немесе қол қимылдары арқылы.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Әдепті болуға, басқа адамдар жайлы жаман ойламауға, өз-өзімізге сенімді болып, жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Интересный материал? Поделиться с другими:
Всё для учителя