Күні: 15.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: «Л» дыбысын айтуға машықтандыру. Жабайы жануарлар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. «Л» дыбысын сөзде арасында, басында, аяғында дұрыс айтуға машықтандыру.
2.Түзете-дамытушылық. Баланың белсенді және енжар сөздік қорын, фонетико-фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөйлеу тілінің просодикалық қырларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік. Баланы ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жеке
Көрнекіліктері: «Сиқырлы әліппе», слайд, жануардың муляжі, суреттер, кедір-бұдырлы әріптер, айналмалы сақина т.б.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
— Баламен сәлемдесу.
— Баланың назарын сабаққа аудару.
II. Артикуляциялық жаттығу жасау
-
Ал, енді, біз сабағымызды әдеттегідей артикуляциялық жаттығулардан бастайық.
-
Бугін бізге қонаққа сиқырлы машинаға мініп тіл келіпті.
-
Тіл өзінің машинасының бөліктерін жоғалтып, сол бөліктерін тауып беруге бізден көмек сұрай келіпті. Тілге көмектесемізбе?
-
Ал, олай болса, машинаның бөліктерін құрастырайық.
-
Бірінші мына бөлікті құрастырайық. Қанекей, ненің суреті шықты?
-
Саңырауқұлақтың суреті (баланың жауабы)
-
Олай болса, тілмен бірге саңырауқұлақ жаттығуын жасайық.
-
Келесі мына есікті ашып көрейікші. Ой, мұнда балалар футбол ойынын ойнап жатыр гой. Олай болса, футбол жаттығуын жасайық.
-
Келесі қандай сурет шықты?
-
Кесенің суреті (баланың жауабы)
-
«Кесе» жаттығуы
-
«Сағат» жаттығуы
-
«Піл» жаттығуы
-
«Кеме» жаттығуы
-
«Әткеншек» жаттығуы
-
Рахмет саған , Айдын. Менің машинамның бөліктерін жақсы құрастырып бердің және де менің жаттығуларымды жақсы орындадың.Жарайсың!
-
Ентігіп жүгіріп келе жатқан біреудің дыбысы шығады. Самал келеді
-
Маған көмектесіңдерші, мен соңғы әрпімді «Л» түсіріп алдым. Енді менің атым Сама болып қалды.
-
Сама, сен дәл уақытында келдің бізде Айдын екеуміз «Л» әрпі және дыбысымен танысқалы отыр едік.
-
О, жақсы болды ғой.
-
Олай болса, ең бірінші біз «Л» дыбысының профилімен танысып алайық.
-
Енді , «Л» дыбысы бар буындармен танысайық.
Фонематикалық есту қабылдауын дамыту жаттығуы «Көбелек»
«Сиқырлы әліппе» ойын жаттығуы
III. Жаңа сабақ
-
Енді, біз жабайы жануарлармен танысып алайық.
Жолбарыс — бұл жыртқыш жануар. Бұл жазық далада өмір сүреді.Жолбарыстың терісі – жолақты қызғыш болады екен.Оның төрт аяғы, ұзын құйрығы болады.
Піл – бұл жабайы жануар. Оның үлкен екі құлағы, ұзын тұмсығы болады. Ұзын тұмсығы арқылы көп су жинап алады екен.
Түлкі – бұл да жабайы жануар. Оның терісінің түсі – қызғылт болады екен. (Буынға бөліп айтқызу)
— Бұлардың барлығын бір сөзбен – жабайы жануарлар деп атаймыз.
— Бұл жабайы жануарлардың атауларында да «Л» бар екен.
Суретпен жұмыс.(слайд)
-
Жолбарыс орманға аюды іздеп келіпті.
-
Аю болса, пілмен ойнап жүр екен.
-
Түлкі болса, бір қулық отыр екен.
Сергіту сәті. «Жануарлардың ерекшелігі»
Кедір-бұдырлы әріптермен жұмыс. (Монтессори педагогикасы)
«Л» дыбысын жазу.
IV. Бекіту
«Көңілді сақина» ойыны
Ойын мақсаты: Баланың белсенді және енжар сөздік қорын, ұсақ қол моторикасын дамыту.
Құрал-жабдықтары: айналмалы сақина, дискілер
Ойын барысы: Баланың алдына айналмалы сақина және суреттері бар дискілер беріледі. Сол берілген дискідегі суреттердің атауын атауы керек.