І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі
«Кітап – жан азығы»
әдеби сайыс
Өткізгендер: Кітапханашылар
2017 жыл
«Кітап – жан азығы»
Мақсаты: Оқушыларды сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету,әдебиетке деген ықыласын, белсенділігін арттыру, әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру
Түрі: сайыс
Көрнекілік: кітап көрмесі, интерактивті тақтадағы слайдтар
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгінгі әдеби сайысымыздың тақырыбы «Кітап – жан азығы» тақырыпта өтуде. Сайысымыз V бөлімнен тұрады.
Ойынды бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын жариялайық:
—
—
—
Жүргізуші:
Ал, қурметті халайық!
Сайысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
l бөлім «Таныстыру»
(Топтың аты мен ұранымен танысу).
Жүргізуші:
Қазағымызды бүгінгі күн біле ме деп,
Еліміздің ертеңгі болашағы.
Көзі ашық, білімді болып жүре ме деп,
ІІ бөлімді бастайық. «Білімді өрге жүзер»
Оқушылар тақтада берілген әріптерді құрастырып, ақын-жазушының немесе белгілі шығарманың кейіпкерін атау керек. Нәтижесінде әр топ әріптерін құрастырғанда, әдебиеттің көрнекті өкілінің аты-жөні немесе әдеби кейіпкердің аты шығады.
ІІІ бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
(Жүргізуші бастаған мақал-мәтелді жалғастырады).
1-топ:
-
Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
-
Оқу- білім бұлағы, білім — …(өнер шырағы).
-
Ақыл тозбайтын тон, білім … ( таусылмайтын көл).
-
Ақыл-таста, өнер -…(жаста).
-
Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
-
Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл).
-
Әшейінде ауыз жаппас, той дегенде … (өлең таппас)
-
Ілім-бұлақ, білім-…(шырақ).
-
Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
-
Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).
2-топ:
-
Оқысаң озарсың,…(оқымасаң тозарсың).
-
Жеті рет піш, бір рет…(кес).
-
Жақсы сөз — (жарым ырыс).
-
Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені, Емен ағаштың иілгені -… (сынғаны).
-
Тіл қылыштан … (өткір).
-
Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес… ( тұяқ болмас).
-
Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
-
Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей … (шешен боларсың).
-
Көп сөз-көмір, аз сөз -… (алтын).
-
Ойнап сөйлесең де, … (ойлап сөйле).
Жүргізуші:
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады,- деген Асан Қайғы сөзін еске алып, келесі ІV «Жарнама» бөлімге көшейік.
(Әр топ мектеп қорына сыйлыққа әкелген кітапқа жарнама жүргізеді)
Жүргізуші:
Кітап адам өмірінде белгілі орын алады. Әрқайсымыздың сүйікті кейіпкеріміз, ақын-жазушымыз бар.
Келесі «Кітап және мен» Vбөлімде өз ойларыңды сурет(ассоциация) арқылы білдіруге тырысыңдар.
Тренинг жүргізу.
Әділ қазыларымыздың шешімі дайын болғанша көрермендермен ойын ойнап жіберейік.
VІ бөлім «Көрермендердің көрімдігі» ойыны .
-
Бес арысты ата (Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Міржақып Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов)
-
Үш бәйтеректі ата. (Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Ғабит Мүсрепов)
-
Қобыланды батырдың тұлпары…(Тайбурыл)
-
Ер Тарғынның тұлпары…( тарлан)
-
.Р.Киплингтің джунглида өмір сүріп өскенкейіпкері…( маугли)
-
Абайдың неше қара сөзі бар?(45)
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Женімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау,-
дей отырып, келесі сөзді әділқазы алқасына берейік.
(Қорытынды шығарылады, топтар марапатталады).
Жүргізуші:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітаптан
Ерінбей оқып көруге,-
Абай сөзімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.