Екі сөйлеу-ерге сын

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Мерзiмі: 

Мұғалiм: Жолтай Мария Эргашбаевна

Сынып: 9 Оқушылар саны: 4 ТақырыпЕкі сөйлеу-ерге сын

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: адамгершілік,адалдық,шыншылдық .

Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: -«шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру;
— адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
— адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

 Интерактивті тақта,А4 форматты қағаздар, фломастерлер мәлiметтер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тазалық

4.Тыныштық

5.Татулық

1.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге, немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.

Ескерту

.Үй тапсырмасын тексеру: 17-сабақ «Шындық»туралы шығарма жазып келу.

Оқушыларға өз еркімен жазып келген шығармаларын оқыту.

3.Әңгімелесу.
Бүгінгі өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.
— Өмірде шындық болмаса не болар еді деп ойлайсыз? 
— Шындық әр уақытта қажет пе?
— Неліктен шындықты «ащы»болады деп айтады?
— Басқалар өтірік айтып турғанда қандай сезімде боласыз?

— Өз — өзіңізді алдаған кезіңіз болды ма?
-Болса, ондай кезде қандай сезімді басыңыздан өткіздіңіз?
-Адамдар неліктен өзін алдайды деп ойлайсыз?

-Сіз өздеріңіз өтірік айтып көрдіңдер ма?

— Сол әрекетіңіз үшін ұялдыңдар ма?

Оқушылар өздерінің ойларын айтады

4.  Мәтінмен жұмыс: «Оқып үйренейік!» 
«Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру мақсатында М. Мақатаевтың «Шындық туралы» атты өлеңімен танысу.
Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқаттың алмасы суынған ба!

Шындық деген шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығыны шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

Оқушылар шығармадағы шындыққа қатысты сөз тіркестерін теріп алып,оның мағынасын түсіндіреді.

5.Дәйексөз:

«Әділдікті мойындамау-адал кісінің ісі» мақал

«Өтірікші бірінші өзін алдайды» мақал

Сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру. Дәйексөзді  оқып, талқылау

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар дәйексөздердің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

Дәйексөздерді оқушыларға 3 рет қайталатып оқыту.

Дәйексөздерді дәптерлеріне жаздыру.

6. Сергіту сәті

«Шынымды айтсам» жаттығуы.
Жаттығу мақсаты: топтың бір-біріне деген сенімін бекіту, қорқыныштан арылу, өз пікірлерін ашық айтуға бағыттау.
Шынымды айтсам, мен сабақ біткеннен кейін ………………
Шынымды айтсам, мен сабақ кезінде ………………..
Шынымды айтсам, мен мұғалім жұмысын ……………..
Шынымды айтсам, мен …………………..
Шынымды айтсам, мен сабаққа дайындалып жатқанда ….
Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ……………………..
Шынымды айтсам, мен ата-аналарымның
қобалжуын ойлағанда ………………….
Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда …………….
Шынымды айтсам, мен биге барғанда …………………..
Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда ………………….
Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде ………………..
Жұмбақтарды шешу арқылы  «ХХІ ғасыр шындық әлеміне» саяхат жасау.

Оқушылар өз пікірлерін ашық айтады

7.Тапсырма.
Оқулықта төмендегідей тапсырма берілген:
Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, «Екі сөйлеу — ерге сын» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыздар.
Тірек сөздер: уәде, ант, серт, ар — намыс, шындық, азаматтық, қымбат, өмір, жеңіл, ой, пейіл, ниет, ақиқат, өтірік, ұят, абырой, артық сөз, мақтаншақтық.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар тақырып бойынша түйінді сөздерді пайдалана отырып, өз бетімен мәтін құрастырады. Тапсырманы топпен немесе жұппен орындауға болады.

Оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып шағын әңгіме құрастырады.

8. Сахналау.
Оқулықта сахналау айдарында төмендегідей тапсырма берілген:
Төмендегі кейіпкерлердің қасиеттеріне сәйкес, өзара диалог құрастырып, «Өтірікшіге сылтау көп……» тақырыбында шағын қойылым қойыңдар.
1. Уәде бергіш оқушы;
2. Ақталуға дайын тұратын оқушы;
3. Жалқау оқушы;
4. Жігерлі оқушы;
5. Адал оқушы.

9.Топпен ән айту Б. Тәжібаевтың «Асыл арман» өлеңін орындайды.
Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,
Әлдебір алаулаған гүлімбісің.
Әлдебір желпіп өткен самал ма едің,
Арманым, айтарым көп саған менің.
Қайырмасы:
Асыл арман, асыл арман.
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдаған
құсым ба едің.
Мен сенің құдіретіңе, мен сенің
құдіретіңе түсінбедім.
Арманым, құздан құлар бұлақпысың.
Әлдебір күлімдеген шырақпысың.
Әлдебір албыраған ай ма екенсің,
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Қайырмасы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Бұл өмірде, бұл өмірде,
Мен жайқалған алау гүлмін,
Арманым, күнде сені, арманым күнде сені
іздеп жүрмін

10.Үй тапсырмасы: 19-сабақ,73-бет. І.Омаровтың «Жастарға хат» туралы әңгімесін мазмұндау.

Соңғы тыныштық сәті

Балалар енді бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге  түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық!

Қатысқандарыңызға рахмет!

Интересный материал? Поделиться с другими:
Всё для учителя