Жуашова Анар,
Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ жаратылыстану пәні мұғалімі
Деңгейлік тапсырмалар арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу
5 сынып жаратылыстану пәнінен «Қандай табиғат құбылыстары бар?» деген тақырыбы бойынша І,ІІ және ІІІ кезең тапсырмаларынан құрастырылған сабақ өткіздім.
Сабақ мақсаты: табиғаттың физикалық және химиялық құбылыстары туралы мәлімет алады және білімдерін арттырады, жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушының өз беттерімен білім алуына жағдай жасау, табиғат туралы көзқарастары мен географиялық ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын жеткізе білуге, өзара қарым-қатынас жасауға үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-
оқушылар тақырыпты өз беттерімен меңгереді;
-
айналадағы болып жатқан физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстарды нақты ажырата алады;
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі
«Көпір» тапсырмалары (карточкалар үлестіру арқылы үй тапсырмасын тексеру 5-7мин)
№1.Сөйлемдегі бос орындардың орнын толтыр Заттардың ……….. деп басқа заттардан ерекшеленетін белгілерін айтамыз.(қасиеттері)
№2.Сөйлемдегі бос орындардың орнын толтыр Заттардың …………. қасиеттеріне: агрегаттық күйі, ……, иісі, температурасы жатады.(физикалық, түсі,дәмі)
№3.Оқулық мәтінінен алған біліміңді пайдалана отырып мына сөздерге түсінік бер. Жылуөткізгіштік…………, иілгіштік……….., аққыштық………..
№4. Сөйлемдегі бос орындардың орнын толтыр Майшамды жаққан кезде парафин …………., ……. күйінен сұйық күйге өтеді.(еріп, қатты) Алюминий сымды балғамен ұрғанда…………болды, өйткені оған ………….қасиет тән.(майысу, иілгіштік)
Жаңа тақырыпты меңгерту
ІІ кезең. Топтық жұмыс
Бұл жұмыс барысында оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруіне жағдай жасаймын: 1. Оқушылар «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларды өздері толтырады(10мин), 2.Жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды(6-7мин). Нәтижесі ауызша марапатталады.
«Білу»: 1.Қоршаған ортада қандай құбылыстар жүріп жатады? 2. Күн сәулесі табиғатта қандай құбылысты болдырады?
«Түсіну»: Қажетті сөздерді оқулықтан тауып жазыңдар (топтық жұмыс)
-
Денеде болатын өзгерістер – құбылыстар
-
Барлық тірі табиғи денелерде болатын құбылыстар – биологиялық құбылыстар
-
Физикалық құбылыстарда жаңа заттар пайда болмайды, бірақ – зат пен дененің көлемі,пішіні, агрегаттық күйі өзгереді.Табиғатта таңғажайып табиғат құбылыстары бар – кемпірқосақ, ол жаңбыр тамшыларында жарықтың ыдырауынан пайда болады.
-
Химиялық құбылыс – бұл құбылыс кезінде бір заттан екінші заттың пайда болуы.
-
Химиялық құбылыстардың көмегімен адамдар – металл өндіреді, жеке тазалық заттарын, дәрі-дәрмек,түрлі тағамдар дайындайды.
«Талдау»: Физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстарды білу не үшін қажет?
«Жинақтау»: Интербелсенді тақтада әр түрлі суреттер топтамасы көрсетіледі, оқушылар кестеге сәйкестендіріп қояды.
Биологиялық құбылыс |
|
|
|
|
Химиялық құбылыс |
|
|
|
|
Физикалық құбылыс |
|
|
|
|
ІІІ кезең. Бағалау кезеңі (кері байланыс)
І деңгей (5балл) Тест жұмысы
-
Бізді қоршаған табиғат ненің әсерінен ұдайы өзгереді? а. процестердің б. жаратылыстанудың с.құбылыстардың
-
Жылу, жарық, электр құбылыстары қандай құбылыстарға жатады? а. физикалық б. химиялық с.биологиялық
-
Аталғандардың қайсысы химиялық құбылысқа жатады? а. жапырақың түсуі б. үңгірдің пайда болуы с.аққаланың еруі
-
Автомобиль қозғалтқышында жанармай жанады, бұл химиялық құбылысқа жатама? а. иә б. жоқ с.білмеймін
-
Жарықтың табиғи көзін көрсет а. ай б. майшам с.лазерлер
ІІ деңгей (4балл)
Мақалдарда қандай құбылыс жайлы айтылған:
А)Көсеу оттан қорықпайды. (физикалық)
Ә)Алып емен бармақтай дәннен өседі. (биологиялық)
Б)Тамшы тасты да теседі. (химиялық)
Д)Білімдінің күні жарық. (биологиялық)
Сұрақ: Қандай құбылыстарды күнделікті жиі кездестіреміз?
ІІІ деңгей (3балл)
1.Табиғаттағы физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланысын дәлелдейтін «зат айналым» сызбасын құрастырыңдар.
«Баға беру»: Қалай ойлайсыңдар?Химиялық құбылыстардың адамзат үшін маңызы барма? Өз ойларыңды жазыңдар.
Бағалау: Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз)