Дауысты дыбыстарды с?з ішінде ажырату

Дауысты дыбыстарды сөз ішінде ажырату

Аққулова Рахия.

логопед

№3 арнайы жалпы білім беру орта мектеп

Тақырыбы: Дауысты дыбыстарды сөз ішінде ажырату

Мақсаты : 1. Білімділігі : Дауысты дыбыстар туралы түсіндіру. Дауысты дыбыстардың айырмашылығын ұғындыру, ұстап көрсету.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және фонетика- фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.

Оқушының тіліне артикуляциялық жаттығулар жасау арқылы сөйлеу тілін дамыту

3. Тәрбиелілігі:оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Дыбыстардың артикуляциялық кескіндері, айна, буындар,сөздер суреттер,текшелер.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Артикуляциялық жаттығулар.

«Тәті тосап» « Қақпаға доп сал» « Ат шауып келеді»

Жаңа сабақ.

Дауысты дыбыстарды ажырату

Оқушылар тақтадан нелерді көріп тұрмыз? Ия әріптерді көріп тұрмыз. Әріптер екі түрлі бояу мен жазылған. Қызылмен жазылған дыбыстарды айтып көрейік А, Ә, Е,О,И, Ы,Ұ,Ү,І,Ө,Э, Ю,Я. Дауысты дыбыстар созылып айтылады, буын құрайды. Мысалы: пар-та, стол,гүл, сө-ре-лер

Сергіту сәті

Саусақты жаттығу

Тырс-тырс жаңбыр жауады

Тырс-тырс терезе қағады

Тырс-тырс жылғалар ағады

Тырс-тырс гүл аузын ашады.

Дәптермен жұмыс

Дауысты дыбыстарды жазу

Буындарды қайтала

Ма-қа-ла-са-ра-ка- ба

Мә-кә-лә-сә-рә –кә-бә

Му-ку-лу-су-ру-бу-қу

Жаңылтпаштар

Сұр сұңқар, сұм сұңқар

Ақ лағым сегіз

Ала лағым сегіз

Ақ лағым семіз

Ала лағымда семіз

Суреттер ( ашулы ит, қарға, мысық)

Мынау ненің суреті? -Ит

  • Ол қалай қорқытады? ( ыр-ыр-ыр)

  • Қарға қалай қарқылдайды? (қар-қар-қар)

  • Мысық қалай дем алады? (пыр-пыр-пыр)

  • Жарайсыңдар! Енді жұмбақтар шешеміз

Жұмбақтар

Ертемен күнде сен

Қолыңды сүйкесең

Кетіп кір –ласың,

Тап-таза боласың. (сабын)

Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолында,

Сүртеді жонында (сүлгі)

Не артық? Суреттермен жұмыс.

Балапан

Қаз

Тауық

Үйрек

Құс

Сабақты қортындылау. Оқушылар бүгін біз қандай дыбыстарды есімізге түсірдік?

Интересный материал? Поделиться с другими:
Всё для учителя