Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы, Лубен ауылы
А.Тихоненко атындағы ЖББМ КММ
Адам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі
Кенжебекова Мейрамгуль Жолдагалиевна
Сабақтың тақырыбы: Азаматтық құқықтың негіздері
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Азаматтық құқық ұғымы, қағидалары, субъектілері, жеке тұлға, заңды тұлға, әрекет қабілеттілігі, меншік құқығы, азаматтық – құқықтық шарттардың негізгі түрлері, тұтынушылардың құқықтары туралы айту;
ә)дамытушылығы: Оқушыларды құқықтық қатынастарды терең түсінуге баулу;
б) тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершіліктің асыл қасиеттерін бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Слайд арқылы баяндау,постер қорғау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, «сандар сөйлейді» ойын, тірек – сызбалар, видиоролик
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Оқушылармен амандасу
2.Журнал бойынша түгендеу
3.Оқушылар назарын сабақққа аудару
4.Психологиялық дайындық
5. Жұпқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау «Сандар сөйлейді» ойын
1.2002 жылғы 19 құркүйекте – («Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» № 947 жарлығымен бекітілген)
2. 1950 жылы 4 қарашада – (Еуропа Кеңесі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенция қабылдады)
3.1994 жылы – (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы болып қайта құрылды)
4.1948 жылы 10 желтоқсанда – (БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларация болды)
5.2005 жылы – (ҚР – сы пактіні ратификациялады)
Видиоролик көрсету.
Ассамблея дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Өздеріңіз тұратын ауылда тойлана ма?
ІІІ.Жаңа сабақ
(слайд арқылы мұғалімнің баяндауы)
Азаматтық құқық – мүліктік қатынастарды және онымен байланысты мүліктік емес қатынсатарды реттейтін Қазақстан Республикасы құқығының жетекші салаларының бірі.
Құқық салаларының бірі
Азаматтық құқық Құқықтық нормалардың жиынтығы
Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейді
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
ҚР Азаматтық Кодексі
Жалпы бөлім Ерекше бөлім
1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып,
1995 жылы 1 наурыздғы қаулысымен қызметке енгізілді 1999 жылы 1 шілдеде қабылданды
Азаматтық құқық қағидалары дегеніміз – азаматтық – құқықтық нормалардың негізінде жатқан ең маңызды (негізін құраушы) идеялар.
Жеке меншікке Жеке меншікке
қол сұғылмауы қол сұғылмауы
Азаматтық құқық Азаматтық — құқықтық қатынасы
Шарт жасасу еркіндігі қағидалары субъектілерінің теңдігі
Азаматтардың құқықтарын қорғау
Азаматтық құқық қатынастары
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар (ҚР азаматтық кодексі 33 — бап)
(ҚР Азаматтық кодексі 12 — бап)
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекснің 6-бабы: ҚР-да Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірден қорғалады.
-
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуіне тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
-
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
-
ҚР-да Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірден қорғалады.
-
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуіне тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
-
Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Шарт
Ауызша Жазбаша
Шарт еркіндігі дегеніміз – тұлғалардың өз еркін білдіруі.
Азаматтық кодекстің 380-бабы: адамдар заңнамада көзделген және заңнамада көзделмеген шарттарды жасаса алады.
Азаматтық кодекстің 382-бабы: шарт жағдайы тараптардың еркі бойынша белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 383-бабы: шарт мазмұны заңнаманың міндетті талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
Өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру.
Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян орнын толтыру оның жоғалтқан табысының орны толтырады. Орын толтыруға тиіс жоғалтқан табысының көлемі орташа айлық табысына қатысты пайызбен есептеледі. Егер жәбірленуші зиян келтірілген сәтте жұмыс істемесе, онда оның қалауымен бұрынғы істеген жерінен босатылғанға дейінгі табысы ескеріледі.
Он төрт жасқа толмаған және өз табысы жоқ кәмелетке толмаған адам мертіккен жағдайда немесе денсаулығына басқа зиян келтірілсе зиянның орнын толтыруға тиіс.
Өндірісте немесе басқаша жолмен, басқа адамдардың әрекетінен болған мертігуден денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда да оның орны толтырылады.
Азаматтық кодексте орнын толтыруға жататын кірістер құрамына азаматтық- құқықтық және еңбек шарттары бойынша төленіп, табыс салығы салынатын еңбекақының барлық түрлері енетіні көрсетілген.
Сабақты түсінгендігін тексеру. 1. Жеке жұмыс
2. Жұппен жұмыс
1. Жұп. Азаматтық құқық ұғымы, азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтың қағидалары, азаматтық құқықтың субъектілері, жеке тұлға.
2. Жұп. Заңды тұлға, Әрекет қабілеттілігі, меншік құқығы, азаматтық құқықтық шарттардың негізгі түрлері, тұтынушылардың құқықтары
Постерге салып қорғау, мысалдар келтіру.
Сабақты бекіту: тест
1.Азаматтық кодекс неше бөлімнен тұрады?
а) 2 в) 3 с) 4
2.ҚР АК нешінші бабына сәйкес азаматтың жеке бас құпиясын сақтауға құқығы бар?
а) 110 в) 144 с) 150
3.Тұлға дегеніміз кім?
а) адам в) жауап жоқ с) тіршілік иесі
4. Неше жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады?
а) 13 в) 10 с)14
5.Меншік нысандары нешеге бөлінеді?
а) 2 в) 3 с) 4
6. Шарт нешеге бөлінеді?
а) 3 в)2 с) 4
7.Тұтынушының өміріне, денсаулығына, мүлкіне нұқсан келтірілген жағдайда не істеу керек?
а) кешірім сұрау в) келтірілген шығынды өтеу с) көмектесу
Тосын жағдайларды талқылау.
1.Қала әкімі бірқатар азаматтарды тұрғын үйлерінен айыру туралы қаулы қабылдады. Олар мұнымен келіспей, өз меншіктеріне қол сұғылмйтынын және әкімнің қаулысында қамтылған негіз бойынша айыруға жатпайтындағын мәлімдеді. Азаматтардың іс – әрекеті қаншалықты дұрыс?Олар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдана алады ма?
2.Алмас бұзылған теледидарын жөндеуге шеберханаға алып келді. Оны бір аптадан аспайтын мерзімде жөндеуге алып қалды. Бірақ теледидарды жөндеу үшін аптаға созылды. Алмас не істеу керек?
Үйге тапсырм: § 26 оқуға
Бағалау.
Рефлексия
Қорытынды.