Ашық сабақ «Асхана»

Сабақтың тақырыбы: Асхана»

Мақсаты:

Білімділік:Нанға деген сүйіспеншілігін арттыру.Балаларды аспазшы кейпіне еніп, ұннан жасалған өнімнен тәтті бәлішті,дайындауға үйрету.Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып,топ ішіндегі балалардың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл күй сыйлауға талпындыру.

Тәрбиелік мәні: Балалардыңбойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ақыл- ойын,тілдік қорын,нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.

Сабақтың барысы:

Балалар әуенмен топқа кіріп жарты шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық. Балалар:

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қәнекей бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге.

Тәрбиеші: Айналамызға қарайықшы топтың іші әдемі безендірілген.Сіздерде әдемі болып күндегіден ерекше киініп алғансыңдар !

Үстеріңе қандай киім кидіңіздер

Балалар: Аспазшы киімі.

Тәрбиеші: Бүгінгі біздің іс әрекетіміз ерекше болғалы тұр.Қанекей сабағымызды бастамас бұрын біз көтеріңкі көңіл күймен бір-бірімізге шаттық шеңбер арқылы жылы лебізімізді білдірейік.

Балалар: Шаттық шеңбері»

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын кең аспан

Мықты болсын іргеміз бәрімізде біргеміз!

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,олай болсабүгінгі іс әрекетімізді бастайық.Мен сіздерге сұрақтар қоямын сіздер мұқият тыңдап тез-тез жауап беріңіздер

-Қазір жылдың қай мезгілі

-Балалар осы жаз мезгілінің біздің балалардың туған күндері бар екен.

Ендеше біз осы туған күн иелеріне арнап,бәліш пісіреміз.

-Балалар білесіңдер ме,бәліш неден жасалады

Балалар:-Ұннан.

Тәрбиеші бәлішті қалай пісіретінін айтып көрсетеді.Аспазшы апай ұнға май,жұмыртқа,шекер,сүт қосатындарын айтады.Балалар бәріміз бірге бәліш пісіріп мәз болды.

Сергіту сәті:Аспаздар биі»

Тәрбиеші:Балалар бәліш пісіп қалыпты.Бәлішті безендіреміз.Балалар біз енді осы дайын болған бәлішті,дастарханға қойып,қонаққа балалрды шақырып, туған күн иелерін құттықтаймыз.

-Балалар туған күн бисіз, әнсіз болмайды қанекей барлығымыз билейік.

(Әртүрлі әуенде билейді.Балаларға тілек айтып,бәліштен ауыз тиеді.)

Тәрбиеші:-Балалар біз дайындаған бәліштен қонақтарға ұсынайық.

(Балалар тәтті бәліштен қонақтарға ұсынады,барлығы бірге ас болсын» айтады)

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сіздерге ұнады ма

-Олай болса бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!

Интересный материал? Поделиться с другими:
Всё для учителя