ШҚО, Семей қаласы, Бөкенші ауылы,Бөкенші ЖОББМ
Баршагул Абайхановна Танбаева тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау;
Дамытушылық: XX ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің шырқау шегіне жеткендегі патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысты дұрыс талдау жасап, түйін жасай алуға бағыттау;
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, оқушылардың бойына ұлтжандық, отаншылдық тәрбие бере отырып жеке және топтық жұмыстарды атқара отырып терең мағлұмат алу.
Сабақтың түрі: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта,карта, таблица, суреттер,стикерлер, карточкалар.
Сабақтың типі: жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері
І Қызығушылығын ояту .
«Даналық ағашы» әдісі. Оқушылар тақтадағы даналық ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі.
Оқушыларды топтастыу.
«Алаш», «Қазақ» «Жетісу» жазылған үстелдеріне оқушылар қолдарына алған топ аттары бойынша топқа бөлініп өз орындарына отырады.
Стоп кадр әдісі. 1916 ж көтеріліске байланысты тақырыпта видео қойылып оған тақырып бойынша қандай ХІХ- ХХ ғасырдың басындағы ең ірі оқиғалар тізімін жасауға тапсырма беремін.(көтерілістер, саяси оқиғалар, бірінші дүние жүзілік соғыс) Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды. Жариялайды.
Балалар, сабақтың басында көрген көрініс бойынша бүгінгі тақырыпты қандай деп ойлайсыңдар? Оқушылар тақырыпты ашады.
ІІ Мағынаны ашу :
«Сен маған мен саған» әдісі
1. 1916 жылғы көтерілістің шығу себебі
2. 1916 жылғы көтеріліс орталығы-Торғай
3. 1916 жылғы көтеріліс орталығы- Жетісу. Оқушылар флипчарт бетіне тапсырманы жасырын орындап, оны келесі топқа береді. Келесі топ толықтырып жариялайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, әр топ бір-бірлеріңді бағалайды.
«Сөздердің авторын тап»
1. «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды». (А.Байтұрсынов)
2. «Қандай амалды болса да қолдаудан тайынбай , көтерілісшілерді бағындыруға лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалануға» нұсқау беру.(А.Курапаткин)
3. «… жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» (М.Дулатов)
4. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды» (Т.Рысқұлов)
5. «Қазақ- қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де келешекке қандай ел екенін білдірді» (А.Байтұрсынов)
6. «бөліп ал да билей бер» Топ бірлесе отырып шешімін табады. жариялайды. ( патша)
ІІІ Ой толғаныс :
Венн диаграммасы
1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері — Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал — демократияшыл зиялылардың жетекшілері — А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шараларының құрбаны болады деп есептеді.
Семантикалық карта
Жылдар 1916 жыл
Көтеріліс басшылары
Көтеріліс болған жер
Қозғаушы күштері
Қатысушы рулар
Мақсаттары
Көтеріліс туралы жазылған шығармалары
Авторлары Шығарма аты
Ж. Аймауытов Қартқожа
М. Әуезов Қилы заман
С. Сейфуллин Тар жол тайғақ кешу
С. Мұқанов Ботагөз
Көтерілістің жеңілу себептері
Жетісу көтерілісі
Торғай көтерілісі
Көтерілістің тарихы маңызы
3- топ: Бұл қай жыл еді? _____________________
Патшаның жарлығы шыққан мезгіл?____________________
Ауыл адамдарын үрей биледі?____________________
Басқарманың келесі жаңа бір ауыртпашылықтар әкелгендей, ол __________алым-салықтың мөлшері __________көбейді.
Халық қандай күйге енді_____________
Халыққа сонша нәубет әкелген кім?________________
Қандай саясат құрығы еді?_________________
Бұдан құтылар жалғыз жол ол____________ ғана
Рефлекция : «Даналық ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасату.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма: 2 параграф оқу мазмұндау, 6-9 бет, «Ә.Бөкейхан» туралы мәнжазба жазып келу.