10 сынып. №4 АОМ
Сабақтың тақырыбы: Әбікен Бектұров. Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: химия саласын зерттеуші, отандық ғалым Әбікен Бектұровтың еңбектерімен танысады; ғалым туралы әңгімелейді, алған білімдерімен бөліседі; топта жұмыс істейді, құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталайды.
Сабақтың ресурстары: слайдтық презентация, шаттық шеңберінің нысаны, топқа бөлу жетондары, оқулық, карточкалар, постер, маркерлер, Әбікен Бектұровтың портреті, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А. Амандасу
Ә. Шаттық шеңбері. «Мен саған … тілеймін»
Б. Топқа бөліну. Оқушыларға геометриялық фигуралар ұсынылады. Төртбұрыш, үшбұрыш, ромб. Солар арқылы топқа бөлініп отырады.
* 7 минут
ІІ. Жаңа тақырып
1. А. Сабақтың тақырыбы
Ә. Сабақтың мақсаты
Б. Мұғалімнің сөзі. Слайдтық презентация арқылы Әбікен Бектұров туралы баяндау.
* 7 минут
2. Оқулықтағы мәтінмен танысу. 64 бет, 1-тапсырма. Оқушылар өздігінен оқиды.
* 4 минут
3. Әр топтан елші тағайындалып, өзге топтарды аралап, мәтіннің негізгі ойын айтады.
* 2 минут
4. Оқушылар «Ішкі және сыртқы шеңберге» шығып жұмыс жасайды
* 5 минут
5. Топ ішінде мәтін бойынша постер жасау
*7 минут
6. Әр топ өз постерін қорғайды
* 3 минут
7. №1 карточкада берілген сызба бойынша құрмалас сөйлемдерді құрастырып, жасалу жолдарын түсіндіру
Төртбұрыш тобы – салалас құрмалас сөйлем
Үшбұрыш тобы – сабақтас құрмалас сөйлем
Ромб тобы – аралас құрмалас сөйлем
* 5 минут
Әбікен Бектұров
Зерттеген мәселелері Атқарған қызметтері
Минералды тыңайтқыштарды өндіру;
Минералды тұздарды өңдеу химиясы;
Қаратау фосфоритінен тыңайтқыш
өндіру мәселесі. Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, деканы;
Қазақ химия ғылымы институтының директоры,
бөлім меңгерушісі; Қазақ Ұлттық ғылым академиясының
минерал қоры бөлімінің академик-хатшысы
8. №2 карточка бойынша берілген сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасау
Төртбұрыш тобы – 1,2 сөйлем
Үшбұрыш тобы – 3,4 сөйлем
Ромб тобы – 5,6 сөйлем
* 5минут
1. 1946-1968 жылдары арасында Қазақстан химия ғылымы институтының директоры, сол институттың бөлім меңгерушісі, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының минерал қоры бөлімінің академик-хатшысы қызметін атқарды.
2. Өмірінің ұзақ уақытын Қаратау фосфоритінен тыңайтқыш өндіру мәселесіне арнады.
3. Еңбегінің нәтижесінде оның төсіне «Ленин», «Октябрь революциясы», «Құрмет белгісі» ордендері қадалды.
4. Оған 1946 жылы Қазақ КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.
5. Әбікен Бектұров 1985 жылы 22 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды.
6. Қазіргі уақытта Қазақтың химия ғылымы институтын Әбікен Бектұровтың атымен аталады
9. Әбікен Бектұров жайлы не білдіңдер?
Оқушылар Бектұровтың портретінің маңайына стикерге жазылған мәліметтерді орналастырады
10. Үй жұмысы: Әбікен Бектұров туралы қосымша мәлімет жинап әкелу
11. Бағалау парағын толтыру «3 баға»
№ |
Оқушының аты-жөні |
Бағасы |
1 |
|
|
2 |
|
|
3 |
|
|
12. Интервью алу: бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?